Ресейдің Челябі облысында қазақ мәдениеті мен тілі күні өтеді

АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Челяябі облыстық әкімшілігінің бастамасымен және Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы мен Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен «Азамат» Қазақ қоғамдық орталығы 20 сәуір күні Ресейдің Троицк қаласында Қазақ мәдениеті мен тілі күнін өткізеді. Бұл туралы ҚазАқпаратқа ДҚҚ сараптамалық орталығының директоры, тарих ғылымының кандидаты Күлғазира Балтабаева мәлім етті.
None
None

Мерекелік шараға ұлттық шығармашылық ұжымдар, Челябі облысы мектептерінде қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдер, Троицк қаласы мен ауданының тұрғындары қатысады. Сондай-ақ шара барысында 1911-1915 жылдары жазушы, ақын Мұхамеджан Сералиннің редакторлығымен жарық көрген «Айқап» журналына ескерткіш тақтаның салтанатты ашылу рәсім өтеді. Оған ҚР СІМ-нің Әкімшілік және бақылау департаменті Мемлекеттік тіл басқармасының бастығы, филология ғылымдарының докторы Байменше Серікқали қатысады.

Соңғы жаңалықтар