Ресейдің экологиялық орталығы Үстірт қорығы туралы жаңа ВИДЕО түсірді (ФОТО)

Орталықтың ресми сайтында хабарланғандай, орталық командасының құрамына: географ, видеоператор, «Ковчега» кормчийі Родион Бучукури, биолог Светлана Вьюхина және фотосуретші, видеооператор Эдуард Манукянц кіреді.
Орталықтың негізгі қызметі Ресей мен шетелдің жету қиын және аз зерттелген орындарында экспедиция ұйымдастырып, өткізу, экспедиция қорытындысы бойынша қызықты ғылыми-танымдық, философиялық-поэтикалық фильмдер түсіру болып табылады. Үстірт қорығы Орта Азияның батысындағы ең көрікті жерлердің бірінде орналасқан (Үстірт шоқысы). Қорықтың жалпы алаңы - 223 300 га. Үстірт қорығы шоқының солтүстік аралын, жануарлар әлемі мен өсімдіктер әлемінің сирек кездесетін түрлерін сақтау мақсатында 1984 жылы 12 шілдеде құрылған. Қорықтың көрікті жерлерінің бірі - Үстірт шоқысының құламасындағы әк пен бордан тұратын шыңдар болып табылады. Бор жыныстары арасында теңіз қабаттарының үлгілері көптеп кездеседі. Бұл Үстірт шоқысы аумағында бұрын теңіз болғанын тағы бір мәрте дәлелдейді. Шың бағанының биіктігі бірнеше жүздеген метрге дейін жетеді. Әрі оның көз шағылыстырар боз-қызғылт түстіден ақ-көк түске дейін құбылып отыратын бояуы ерекше қызығушылық оятады.
Бұдан сәл бұрын аталған орталық Үстірт туралы тағы бір видео түсірген болатын.