18:49, 29 Мамыр 2009 | GMT +5
Ресейдің «ЕуроХим» компаниясы минералдық тыңайтқыштар зауытының құрылысына 4 млрд. долларға дейін инвестиция салмақшы ? Жамбыл облысы
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ –Химик күнін биылғы жылы Жамбыл облысының химия өндірісіндегі жаңа кәсіпорын – Ресейдің «ЕуроХим» минералдық тыңайтқыштар компаниясының еншілес кәсіпорны - «ЕуроХимиялықТыңайтқыштар» ЖШС да атап өтуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстың кәсіпкерлік және өндіріс басқармасына сілтеме жасап.Ірі ресейлік инвестор Қаратау қаласында қуаты жылына 2 млн. тонна болатын фосфор минералдық тыңайтқыштарын шығаратын зауыт құрылысын салуды жоспарлап отыр. Онда 4 мың жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.Бүгінгі күні инвесторлар акциялардың мемлекеттік топтамаларының төлемдерін, ағымдағы шығыстарды төледі және 1,5 млрд. теңге сомасындағы несиелік берешектерді жапты. 2015 жылға дейін компания өндіріске 4 млрд. АҚШ долларын, оның ішінде Қаратау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 300 млн. доллар салуды жоспарлап отыр.Жобаның бірінші кезеңінде 1,5 млрд. доллар инвестицияланды. Жоспарланған қуаттар құрылысына 10 мың адамды қамтитын облыстағы құрылыс-монтаж ұйымдары тартылмақшы.