09:22, 18 Тамыз 2010 | GMT +5
Ресейдің Қазақстанмен жасаған сыртқы сауда айналымының көлемі 7,9 млрд. долларды құрады
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - 2010 жылдың бірінші жарытылдығында Ресейдің Қазақстанмен жасаған сыртқы сауда айналымының көлемі 7,9 млрд, долларды құрады.

Бұл туралы Ресей статистикасы ақпаратында хабарланған.
Бұл Ресейдің ТМД елдерімен жасаған сыртқы сауда айналымы мөлшерінде үшінші орынды алады. Достастық елдерімен сауда айналымының алғашқы орнында Украина тұр (15,9 млрд. долл.), екінші орында Беларус (12,5 млрд. долл.).
Жалпы Ресейдің ТМД елдерімен жасаған сыртқы сауда айналымы 2010 жылдың алты айында 41 млрд. долларды құраған, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 42,5 пайызға артық.