Ресейдің Сыртқы барлау қызметінің басшысы Достық орденімен марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Ресей Сыртқы барлау қызметінің директоры Сергей Нарышкинге екінші дәрежелі Достық орденін табыс етті. Бұл Нарышкиннің жаңа лауазымдағы алғашқы наградасы.
None
None

«Қазақстан мен Ресей арнайы қызметтерінің өзара іс-қимылы біздің елдер және ЕАЭО ұйымына төнген қауіп-қатерлердің алдын алуда маңызы өте зор», - деді Нарышкин.

Мәсімов еуразиялық интеграцияны дамытуда Нарышкиннің жұмысын атап өтіп, оған награданы табыс етті. «Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының жарлығымен Сіз (Сергей Нарышкин) екінші дәрежелі Достық орденімен марапатталасыз», - деді ҚР ҰҚК басшысы.

«Мен үшін бұл ерекше құрмет», - деді Нарышкин.

Еске салсақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың 1994 жылы Мәскеуге сапары барысында Қазақстан Президенті М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездескен. 1994 жылдың 29 наурызындағы осы кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев посткеңестік кеңістік мемлекеттерінің даму персективаларына өз пайымын айқын білдірген болатын. Ол ТМД-ға қатысушы елдердің жаңа бірлестігін құру идеясын айтып, оны Еуразиялық одақ - ЕАЭО деп атауды ұсынды.

Ресей, Беларусь және Қазақстан арасындағы ЕАЭО құру туралы шартқа Астанада 2014 жылы 29 мамырда қол қойылды. Құжат 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Кейін шартқа Армения мен Қырғызстан қосылды.

Соңғы жаңалықтар