Ресейдің жаңа саяси басшылығы Қазақстанмен арадағы оң қарым-қатынастың одан әрі дамуына мүдделі - Е.Қарин

АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Ресейдің жаңа саяси басшылығы Қазақстанмен арадағы тұрақты оң қарым-қатынастың одан әрі дамуына мүдделі.
None
None

Бұл пікірді бүгін «Риксос» қонақ үйінде өткен «Еркін сөз» пікірталас клубының отырысында танымал саясаттанушы Ерлан Қарин білдірді.

«Көрші Ресейде өткен сайлау науқанына Қазақстанда  да қызығушылық танытылуы табиғи құбылыс. Бұл елдің толықтай алғанда халықаралық экономиканың, халықаралық саясаттың беталысын айқындайтындығын айтпағанның өзінде. Сондықтан да Ресейде орын алған оқиғаларға байыпты әрі тұрақты қызығушылық болды», - деді саясаттанушы.

Е.Қариннің атап өтуінше, Ресейде өткен сайлау науқаны барысында Орталық Азия елдері және Қазақстан мен арадағы қарым-қатынастарға қатысты әртүрлі бағалулар мен мәлімдемелер көптеп айтылды. РФ Президенттігіне кандидаттардың басым бөлігі, оның ішінде Владимир Путин де Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасты қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Бұл ретте саясаттанушы сайлау науқаны барысында жарық көрген В.Путиннің алғашқы мақаласы Еруазиялық экономикалық кеңістік аясындағы Қазақстанмен арадағы қарым-қатынастың дамуына арналғандығын баса айтты.

Соңғы жаңалықтар