Ресейғарыш басшысы Қазақстан Ұлттық ғарыш агенттігінде болды

АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Владимир Путиннің Қазақстанға жұмыс сапары ауқымында Астанада Қазғарыш және Ресейғарыш басшылары кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпара тілшісі.Бұдан бұрын хабарланғанындай, келіссөздер қорытындысымен ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев пен Ресей Федералдық ғарыш агенттігінің басшысы Анатолий Перминов Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы «Байқоңыр» кешенінде болу тәртібі туралы келісімге қол қойды. Үкіметтік деңгейдегі ресми кездесу аяқталғаннан кейін Ресейғарыш басшысы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігінде болды. Кездесу кезінде Т.Мұсабаев пен А.Перминов Қазғарыш басшылығы құрамының қатысуымен бірнеше бағыттар бойынша проблемалық мәселелерді талқылады. «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру барысына баса назар аударылды. Сондай-ақ «Қазсат-2» спутнигін жинау барысы және байқап көру, Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығында жасалып жатқан «Қазсат-2» байланыс және тарату спутнигінің сапалық сипаттарын жақсарту жөніндегі Ресей мен Қазақстанның бірлескен жұмысын жалғастыру жөнінде әңгіме болды. Қазғарыш және Ресейғарыш басшылары биылғы күзде жоспарланып отырған Ресей Президенті Дмитрий Медведев пен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Байқоңыр» ғарыш айлағына сапарына әзірлік мәселелерін талқылады. А.Перминов соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдарында пайда болған Ресей таяу уақыттарда «Байқоңыр» ғарыш айлағынан кетеді-міс деген алып-қашпа сөздердің негізсіз екенін атап өтті. Ол Қазақстан мен Ресей арасында жасалған «Байқоңыр» кешенін жалдау шарты өзгермейтінін айтты. Кездесу қорытындысында Ресейғарыш басшысы жылы жүзді қабылдау жасалғаны үшін Т.Мұсабаевқа, барлық қазақстандық әріптестеріне алғыс айтты және ғарыш саласында одан әрі ынтымақтасу жөніндегі сындарлы диалог жалғастырылатынына сенім білдірді.
Соңғы жаңалықтар