Ресейлік азамат 10 келі елік етімен ұсталды - Қостанай облысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық-ресейлік шекара бойында орналасқан Қостанай шекара отрядының «Обаған-авто» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары елік етін әкетіп бара жатқан браконерді қолға түсірді.
None
None

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 қараша күні түске таман «Иж 2126-20» автомашинасымен «Ұзынкөл (ҚР) - Щучанский (РФ)» бағытында кетіп бара жатқан, 1946 жылы туылған Максименко С. деген азамат ұсталды.

Оның машинасын қарау кезінде қара полиэтиленді пакетке салынған, салмағы 100 келі болатын еліктің еті табылды. Ресей азаматы оған қатысты ешқандай құжатты көрсете алмады. Аталған дерек бойынша материалдар Қостанай облысы Ұзынкөл аудандық ішкі істер бөліміне берілді.

Соңғы жаңалықтар