Ресейлік азамат ұсынған параны полиция қызметкерлері алмады - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - 4 желтоқсан күні БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасы жол-патрульдік полициясы батальонының қызметкерлері полиция лейтенанты М.Құрманов пен полиция сержанты Р.Оңашев Орал қаласы маңында «Рубеж» (Краснов) бекетінде ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 602-бабы 1-бөлігін (жүргізушінің сыртқы жарық құралдарын пайдалану ережесін бұзуы) бұзғаны үшін 61 жасар ресейлік азамат айдап келе жатқан «Санёнг-экшн» ныспылы автокөлігін тоқтатты.
None
None

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, материалды толтыру үстінде жүргізуші полиция қызметкерлеріне 2 мың ресейлік рубль көлемінде заңсыз сыйақы ұсынған. Бұл туралы полиция инспекторлары басшыларына хабарлаған. Пара ұсынған азаматқа қатысты ҚР ҚК 367-бабы 1-бөлігіне сәйкес (пара беру) қылмыстық іс қозғалды.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте азаматтық ұстаным мен табандылық танытқаны үшін қос инспектор сыйақымен ынталандырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар