Ресейлік «Газпром» ЕАЭО елдері шығаратын өнімдерді алуға басымдық береді - В. Зубков (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік «Газпром» компаниясы сатып алуларды іске асыру кезінде ЕАЭО елдері шығаратын өнімге басымдық береді. Бұл туралы бүгін Астанадағын «KAZENERGY-2015» оныншы Еуразиялық форумы барысында Газ экспорттаушы елдердің форумымен өзара іс-қимыл бойынша РФ Президентінің арнайы өкілі Виктор Зубков мәлім етті.
None
None

Жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мәселесіне тоқталған ол: «Осыған байланысты Еуразиялық экономикалық одақ аясында Ресей мен Қазақстанның машина құрылысы кешені кәсіпорындары арасында өнеркәсіптік кооперация маңызды аспекті болып табылады», - деді.

В. Зубковтың сөзіне қарағанда, өнеркәсіптік кооперация Газпром мен оның еншілес кәсіпорындары қажеттілігі үшін пайдаланылатын өнеркәсіптік маңыздағы өнімнің импортын алмастыру бағдарламасы аясында қарастырылған.

«Бағдарламада сатып алуларды іске асыру кезінде ЕАЭО-да шығарылған тауарлар мен қызметтерге басымдық беру қарастырылған, сондай-ақ ЕАЭО-ның бәсекеге қабілетті тауарлары мен қызметтерін Газпром компаниясы қажеттіліктері үшін қолдану ескерілген. Перспективада «Газпром» АҚ-ның импортты алмастыратын өнімдерге қажеттіліктерін ескере отырып, Қазақстан өндірушілерінің өнімдерін шоғырландырып жеткізу мәселесін қарастыру дұрыс болады»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар