Ресейлік инвестор Ақмолада астық терминалын салғысы келеді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Ақмола облысының әкімі Мəлік Мырзалин ауыл шаруашылығы техникаларын сатумен айналысатын ресейлік «Скай» компаниясының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі əкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Кездесуде аймақ басшысы аграрлы өңірдің еліміздегі астықтың төрттен бірін өндіретінін атап өтті. Облыс жыл сайын əлемдік нарықта жоғары бағаланатын астықтың 2 миллион тоннасын алыс-жақын 32 мемлекетке экспортайды.

«Жақында өңірге жұмыс сапарымен келген Елбасы Нұрсұлтан Назарб¬аев өңір¬дің ауыл шаруашылығы -секторын одан әрі дам¬ытуға қатысты бірқата¬р міндеттер жүктеген ¬болатын. Осы орайда, астаналық облыстың əлеуеті зор, салаға инвестиция тартып, əріптестік орнатуға дайын», деді Мырзалин.

Өз кезегінде ресейлік компания «Скай» ААҚ басшысы Михаил Васенкевич астық экспорттау бойынша Иран жəне Жерорта теңізі аумағындағы 15 мемлекетпен əріптестікте жұмыс істейтіндіктерін атап өтті. Оған қоса дəнді дақылдарды өсіру, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден 500 мың тоннадан 1 миллион тоннаға дейін астық сатып алып, терең өңдейтін терминал салу үшін инвестиция құюға əзір екенін жеткізді.

«Бізге ең бастысы астықтың сапалы, экологиялық жағынан таза болғаны дұрыс. Сіздердің облыстарыңызда өсірілетін астықтың сапасы өте жақсы», - деді М.Васенкевич.

Кездесу соңында тараптар ет жəне сүт өнімдерін өңдеу бойынша жобаны жүзеге асыру мəселесін талқылады.

Соңғы жаңалықтар