Ресейлік компания концессиялық жобаларды сүйемелдеуге байланысты консалтингтік қызметтерін ұсынады -ККМ

Кездесу барысында VTB Capital компаниясының басқарушы директоры Олег Панкратов компанияның концессиялық жобаларды сүйемелдеуге байланысты консалтингтік қызметтерді ұсынуға, жобаларды қаржыландыру, ҚР көлік және коммуникация министрлігінің ағымдағы жобалары, соның ішінде мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобалары үшін инвестициялық мүмкіндіктерді сарапшылық бағалауға дайын екендігін хабарлады.
Көлік ведомствосының басшысы Б. Камалиев компания жетекшілеріне қазіргі таңда бірқатар концессиялық жобалар бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Бүгінде «Астана - Щучинск» учаскесінде интеллектуалды-көліктік жүйені және ақылы жолдар жүйесін енгізу және жетілдіру жобасын сүйемелдеу үшін кеңесшілік қызметтерді тарту жоспарлануда.
Кездесуді қорытындылай келе, Б. Камалиев концессиялық жобаларды сәтті жүзеге асыру, ҚР көлік ведомствосы байқау құжатнамасын жасақтау, техникалық-экономикалық негіздемелерді қайта қарастыру, мүмкін концессионерлердің өз байқау өтінімдерінде көрсеткен техникалық және қаржы ұсыныстарын бағалау мен сараптамадан өткізу үшін консалтингтік компаниялардың қызметіне жүгінуге әзір екенін атап өтті. Осыған орай, автомобиль жолдары комитеті мен стратегиялық жоспарлау мен көлік-коммуникация кешенін дамыту департаментіне консалтингтік компания өкілдеріне мәселенің мазмұны мен ынтымақтастықтың шарттарын зерттеу үшін қажетті мәліметтерді беру тапсырылды.