Ресейлік полицейлер Қазақстанда адам өлтіргені үшін іздеуде жүрген ер адамды тапты

ТАЛДЫҚОРҒАН. 20 қазан. ҚазАқпарат - Талдықорғанның 33 жастағы азаматшасын өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс 2001 жылдың сәуір айында қозғалды. Тергеу материалдарына сәйкес, әйел бауыздап өлтірілген.
None
None

Облыстық ІІД қызметкерлерінен құрылған жедел тергеу тобы күдіктіні анықтады. Ол сол уақытта Қазақстанда қонақта жүрген 1964 жылғы Ресей Федерациясының азаматы болып шықты. Адам өлтірген соң ол Қазақстаннан шығып кеткен.

11 жыл өткен соң Алматы облысы полицейлерінің тұспалдауымен көрші мемлекеттің құқық қорғаушылары іздеудегі адамның Воронеж облысында тұратынын анықтады.

Қазіргі кезде Минск конвенциясына сәйкес қылмыстық қудалауды жалғастыру мәселесі шешілуде.

Соңғы жаңалықтар
Референдум