Ресейлік және қазақстандық ғалымдар білім саласындағы ынтымақтастықты талқылайды - Павлодар
білім саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқыламақ. Бұл туралы Павлодар педагогикалық институтының баспасөз қызметінен хабарлады.
Шараға қатысушылар халықаралық білім саясатын, инновациялық қызметтерді, студенттердің белсенділіктерін және қос диплом алуды ынталандыру мәселелерін қарайды. Бүгінде Омбы университеттері мен институттарында 3 мыңдай қазақстандық студент білім алуда, Ресейде Қазақстан Республикасының дипломдарының заңды күші бар.
Басқосуда сондай-ақ бірлескен конференциялар мен семинарлар өткізу мәселелері, жоғары оқу орындарының ынтымақтастығы, білім бағдарламаларын және оқулықтар әзірлеу, дистанциялық олимпиадалар өткізу және оқытушыларға әдістемелік көмектер ұйымдастыру сияқты мәселелер талқыланады.