Республика бойынша жаңа оқу жылы қарсаңында 67 мектеп ашылады - Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаев

СТАНА. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ағымдағы жылғы қыркүйектің 1-і қарсаңында республика бойынша 67 жаңа мектеп тапсырылады.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР облыстары мен Алматы, Астана қалаларының білім беру басқармалары бастықтарының басын қосып, жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы жиын өткізген ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

«Ағымдағы жылы қыркүйектің 1-іне 67 мектеп тапсырылады деп күтіп отырмыз. Оның 28-і республикалық бюджеттен, 39-ы жергілікті бюджеттен салынуда», деді ол өз сөзінде.

Министрдің атап өтуінше, бұл білім ошақтарының ашылуы апатты мектептердің санын 58-ге, ал үш ауысымда оқитын мектептердің санын 14-ке қысқартады. Сондай-ақ биыл 650 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, оған 14,9 миллиард теңге жұмсалған. Ал ағымдық жөндеу жұмыстары 5238 мектепті қамтыған. Оған 5 миллиардқа жуық теңге жаратылған.

Ж.Түймебаевтың айтуына қарағанда, республика мектептерінің жылыту маусымына дайындығы да көңіл көншітерлік емес. Мәселен, еліміздегі мектептердің 82 пайызы жеке жылыту жүйесіне қосылған. Осыған байланысты біраз мәселелер бар екендігін алға тартқан министр «қыркүйекке дейін уақыт бар. Сіздер бұл мәселелерді жергілікті атқару органдармен, әкімдермен бірлесе отырып тиянақтауларыңыз қажет», деп қадай айтты.

Соңғы жаңалықтар