Республика мектептері арасында өткен «Чек талап ет - Патриот бол» акциясында 9 млн. чек жиналды
Жүлделер бақылау-касса машиналарының чектерін неғұрлым көп жинаған сыныптарға берілді.
Аталған акция ағымдағы жылдың 1 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен елімізде алғаш рет өткізілген болатын. Оған республиканың барлық жалпы білім беру мектептерінің 1-ші сыныптан 11-ші сыныпқа дейінгі оқушылары тартылды.
Салық комитеті төрағасының орынбасары Әнуар Жұмаділдаевтың айтуынша, шара өсіп келе жатқан жеткіншектер арасында салықтық білімді және мәдениетті, патриотизмді арттыруға, сондай-ақ көлеңкелі экономика көлемін қысқартуға бағытталған.
Республикалық акцияның жеңімпаздары болып Павлодар облысы Май ауданы Көктөбе орта білім беру мектебінің 6 «б» сынып оқушылары танылды.
ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен жеңімпаздарға Астана қаласында экскурсия өткізіледі.
«Жалпы республика бойынша акция өткізу мерзімінде оқушылармен 9 млн. астам чек жиналды», - дейді Ә. Жұмаділдаев.