13:03, 30 Мамыр 2009 | GMT +5
Республикада «Қазақстандық мөлшер» ақпараттық порталы құрылды
ӨСКЕМЕН. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің соңғы айлардағы мемлекеттік сатып алуларға жүргізген мониторингі, тауарлардың 12,8 пайызы ғана – қазақстандық кәсіпорындардың үлесі екенін көрсетіп отыр.
Бұл туралы энергетика вице-министрі Әсет Мағауов бұл күндері Өскеменде өтіп жатқан Өнеркәсіпшілер форумында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Мониторингтің 205 миллион АҚШ долларын құрайтын 160 тендерді қамтығанын айта кету керек. «Энергетика министрлігі қазақстандық мөлшерді арттыру мәселесін қалай шешпек?, - деген сауалға жауап іздеген мамандардың айтуынша, ең алдымен, отандық номенклатураны кеңейту, өнімдерді сапаларын арттыру және тағы басқа шаралар атқару керек», - деді вице-премьер өз ведомствосының ұстанымымен таныстыра келе. Ол сондай-ақ отандық бизнеске көмек ретінде іске қосылған «Қазақстандық мөлшер» ақпараттық порталы әзірленгенін айтып өтті.