Республикадағы көктемгі егін егу жұмыстары жоспарлы түрде өтуде ? ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат – Бүгін Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевтың қатысуымен агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған кеңес өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жалпы алғанда АӨК елімізді азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етіп қана қоймай, ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен және шикізаттың негізгі түрлерімен толық қамтамасыз етіп отыр. АӨК даму деңгейі мен бүгінгі жағдайын тұтастай алғанда экономиканың тұрақты дамушы секторы деп бағалауға болады.Еліміздің ішкі жалпы өнім көрсеткішімен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өндірісінің үлес салмағы 5 пайыздан жоғары. Өндірістің жылдағы өсу қарқыны шамамен 7-8 пайыз.Биыл кездесіп отырған түрлі қиындықтарға қарамастан Үкімет тарапынан көктемгі егін егу науқанын өз мерзімінде атқару үшін, барлық жағдай жасалды. Несиелеу жөніндегі мәселелермен бірге, кепілдеме бойынша жеткізілген бағасы қолайлы дизель отыны, тұқыммен және минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мәселелері толық шешілді. Сондай-ақ субсидия берудің барлық ережелері дер кезінде бекітіліп, осы мақсатқа арналған қаржы трансферттері белгіленген кесте бойынша аймақтарға жіберілді.Осындай шаралардың нәтижесінде биылғы көктемдегі егін егу жұмыстары жоспарланған кестеге сай жүргізіліп отыр. Еліміздің оңтүстігінде бұл науқан толық аяқталса, солтүстіктің астықты алқаптарына дән себу жақын күндері аяқталады.Биылғы жылы көктемгі егін егу жұмыстары 17,8 млн. гектар аумаққа жүргізіледі деп жоспарланған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 1,0 млн. гектарға артық. Олардың ішінде, бидай дақылдары - 400 мың гектар, азық-түлік бидайы ? 350 мың гектарға көп. Өткен жылмен салыстырғанда картоп егілетін алқаптар да биыл 2 мың гектарға ұлғайтылды. Сонымен бірге ағымдағы жылы майлы дақылдарға арналған алқаптардың көлемі кеңейтіліп, олар 1 млн. гектардан астам аумаққа себілді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 100,0 мың гектарға көп. Топырақтағы ылғал қоры мен алдағы айларға болжанған жауын-шашын мөлшері жақсы өнім алуға мүмкіндік береді деген үміт бар.
Соңғы жаңалықтар