Республикадағы судан құтқарушылардың «Нептун-2010» жарысы Павлодарда өтеді

ПАВЛОДАР. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -Төтенше жағдайлар министрлігінің жасақтары мен құрамаларының «Нептун-2010» республикалық оқу-әдістемелік жиындары ертең, тамыздың 17-сі күні Павлодарда басталады,
None
None

деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің су-құтқару қызметі.

Ертіс бойындағы қалаға республиканың барлық облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан кәсіби құтқарушылардың командалары келді. Олардың құрамында 79 сүңгуірлер, 16 қызмет жетекшілері мен бес орталық стансы басшылары бар.

Көпсатылы жарыстар төтенше жағдайлар жөніндегі департамент, Павлодар су-құтқару қызметі базасында өтетін болады.

Соңғы жаңалықтар