08:12, 17 Қазан 2012 | GMT +5
Республикалық ақпараттық-насихаттық топ Павлодар облысының тұрғындарымен 30-дан астам кездесу өткізеді
ПАВЛОДАР. 17 қазан. ҚазАқпарат - Павлодар облысында республикалық ақпараттық-насихаттық топ (РАНТ) өз жұмысына кірісті, деп хабарлады ішкі саясат басқармасынан.
Оның құрамында аймақтың тұрғындарын Президенттің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру туралы ақпараттандыратын салалық министрліктердің өкілдері бар.
РАНТ-ның мүшелері Ақсу, Павлодар және Екібастұз қалаларында, Ақтоғай, Баянауыл, Железин және Павлодар аудандарында өтетін 30-дан астам кездесуді жоспарлап қойды.