Республикалық бюджет комиссиясының бірінші отырысында ҚР Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасы мақұлданды

АСТАНА. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат - Министрліктер үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Республикалық бюджет комиссиясының бірінші отырысы өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі.

Республикалық бюджет комиссиясының отырысында «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы» Заң жобасы қаралып, мақұлданды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының ағымдағы жылға әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамы нақтыланды, «2010-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасы жасалды. Ол 2010 жылдан бастап Ұлттық қордан 8 млрд. АҚШ доллары немесе 1,2 трлн. теңге көлемінде кепілдендірілген трансферт тартуды көздейді, ағымдағы жылғы республикалық бюджетті нақтылау жобасы әзірленді.

Республикалық бюджеттің болжамды көрсеткіштерінің негізіне 2010 жылы мұнай бағасының бір баррелінің 50 доллардан 65 долларға дейін өсу мүмкіндігі, экономиканың 2 пайыздық өсу болжамы алынды.

2010 жылы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі болжам бойынша 3,3 пайызға өседі. 2010 жылы мұнай өндру көлемі бұрын жоспарланғандай, 80 млн. тоннаға жетеді деп бағалануда.

2010 жылы экспорт 49,6 млрд. АҚШ доллары, импорт - 34,2 млрд. АҚШ доллары көлемінде болады деп болжануда.

Инфляция 2010 жылы 6,0-8,0 пайыз деңгейінде болады деп бағалануда.

Мемлекет басшысының Жолдауында көзделген шараларды қамтамасыз етудегі қаражат көздері мыналар:

- Ұлттық қордан қосымша 124,3 млрд. теңге тарту;

- республикалық бюджеттің табыс бөлігін (трансферттің түсімін есептемегенде) 103 млрд. теңгеге ұлғайту.

Сонымен қатар республикалық бюджеттің түсімдерін жергілікті атқару органдарына тұрғын үй құрылысына берілген бюджеттік несиелерді қайта құрылымдаумен байланысты 13,7 млрд.теңгеге қысқарту көзделіп отыр.

- 2009 жылдың қорытындысы бойынша 24,1 млрд. теңге мөлшеріндегі бос қалған бюджет қаржысын тарту;

- 26,6 млрд. теңге заемдарды тарту;

- шығындарды жалпы сомасы 32,5 млрд. теңгеге қысқарту көзделіп отыр.

Республикалық бюджетті нақтылау жобасы қосымша түсімдер мен босаған қаржыны бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбек ақысын және стипендияларды ағымдағы жылғы сәуірдің 1-інен бастап 25 пайыз көтеруге 53,8 млрд. теңге жұмсау, Жеделдете индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына - 143,8 млрд. теңге, аймақтардағы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға жұмсау көзделуде.

Сондай-ақ шикізаттық емес секторды дамытуға, Астанадағы жаңа университеттің 2-кезегін салуға, халықаралық қатынастарды дамытуға, 2011 жылғы Азиада ойындарын өткізуге қаржылар қарастырылып отыр.

Сонымен республикалық бюджеттің нақтыланған көрсеткіштері мынадай:

- кірістер - 3 378,4 млрд. теңге;

- шығындар - 4 182 млрд. теңге;

- дефицит - 803,6 млрд. теңге.

Соңғы жаңалықтар