12:58, 01 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Республикалық маңызы бар Өскемен-Алматы көлік жолында үлкен жүк көліктері мен жолаушылар көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашар жағдайына (қар, бұрқасын, нашар көрінушілік) байланысты 30 қазандағы сағат 21:30-дан бастап республикалық маңызы бар Өскемен-Алматы көлік жолында (683-ші шақырымнан бастап) үлкен жүк көліктері мен жолаушылар көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Бұрын хабарланғандай, ауа райы жағдайының нашарлауына (бұрқасын) байланысты 23 қазан күні сағат 09:00-ден бастап Алматы облысындағы «Үшарал-Достық» (90-100 шақырымдар) тас жолында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық болып қалуда.