Республикалық жолдардағы ағымдағы жағдай - «Қазавтожол»

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - «Қазақавтожол» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметінің хабарлауынша, еліміздің бірқатар өңірлерінде республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына шектеулер қойылды.
None
None

Атап айтқанда, Ақмола облысында қолайсыз ауа райына (боран, жол көрінісінің шектеулігі) байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін келесі жол учаскелерінде қозғалысқа шектеулер қойылды:

7 наурыз сағат 17.35 бастап «Астана-Ерейментау-Шідерті» а/ж 155-205 шақ., Ерейментау-Павлодар обл.шекара аралығы; (жеңіл автокөліктері үшін жол ашылды)

8 наурыз сағат 01.15 бастап «Астана-Петропавл» а/ж 18-252, Астана қаласы-Щучинск аралығы;

8 наурыз сағат 08.50 бастап «Щучинск-Зеренді» а/ж 0-80 шақырымы аралығы;

8 наурыз сағат 09.15 бастап «Көкшетау-Омбы» а/ж 2-50 шақырымы;

8 наурыз сағат 09.30 бастап «Астана-Петропавл» а/ж 231-293 шақырым, Щучинск-Көкшетау учаскесі.

10 наурыз сағат 22.30 батап «Астана-Ерейментау-Шідерті» 16-205 шақырымы, Астана қаласы-Павлодар облысының шекарасы аралығы (жеңіл автокөлік түріне жол ашық) .

Павлодар облысында боран, жолды көру мүмкіндігінің шектеулігіне байланысты келесі жолдарда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды:

8 наурыз 16.00 бастап «Қашыр-Михайловка-РФ шекарасы» а/ж 0-108 шақырымы аралығында;

8 наурыз сағат 16.00 бастап «Астана-Ерейментау-Шідерті» а/ж 205-259 шақырымы, Ақмола облысының шекарасы-Шідерті аралығы (жеңіл автокөліктерге жол ашық).

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіндерінің жүруіне байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін 7 наурыз күні сағат 22.30 бастап «Өскемен-Зырян-Рахман қайнарлары» 422-450 шақ, Берел-Рахман қайнарлары аралығы жабылды.

Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.

«Қазақавтожол» кәсіорнында автокөлік жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз. Бұл үшін Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.

Соңғы жаңалықтар