Республиканың бес облысында көктайғаққа байланысты жолдар жабық
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Қостанай облыснда ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) «Қостанай - Әулиекөл - Сурган» (07-232 км), а/ж учаскесінде түрлері автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды. Сондай-ақ «Мамлютка-Қостанай» (180-404 км), «Екатеринбург-Алматы» (555-729 км) а/ж алаңдарында жүк және қоғамдық автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.
Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) «Қостанай - Әулиекөл - Сурган» (232-260 км), а/ж учаскесінде түрлері автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды. Сонымен бірге «Астана-Петропавл» (304-341 км), «Көкшетау-Рузаевка» (0-61км), «Көкшетау-Омбы» (2-50км) а/ж алаңдарында қоғамдық автокөліктері қозғалыс тоқтатылды.
Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ) барлық бағытқа автокөліктер түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.
Ал Ақтөбе облысы бойынша «Самара-Шымкент» (773-1240) а/ж учаскесінде түрлері автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.
Қызылорда облысында «Самара-Шымкент» (1240-1356) а/ж учаскесінде түрлері автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.