12:22, 03 Сәуір 2010 | GMT +5
Республиканың оңтүстік және солтүстік-шығыс шалғай өңірлеріне циклон әсер етеді
АСТАНА. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат - Республиканың оңтүстік және солтүстік-шығыс шалғай өңірлерінде циклон жүріп, Қазақстанның көптеген облыстарындағы ауа райына антициклон әсер етеді, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде секундына 15-22 метр жел соғады, ал Маңғыстау, Ақмола және түнде Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман болады деп күтілуде.
Алматы облысында соққан желдің жылдамдығы секундына 15,20 метрге жетуі мүмкін.