00:26, 06 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Республиканың үш облысында ескерту жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республиканың үш облысында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ Комитетінен хабарлады.
6 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жерлерінде бұрқасын, солтүстік-батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с.
6 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында жауын-шашын, күндіз қатты жауын-жауын, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде 25, екпіні 30 м/с.