18:36, 26 Мамыр 2009 | GMT +5
РФ Есеп палатасының төрағасы астаналық студенттерге дәріс оқиды
АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Ертең, мамырдың 26-сы күні Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Ресей Федерациясы Есеп палатасының төрағасы Сергей Степашин осы жоғары оқу орнының оқытушылары мен студенттеріне дәріс оқиды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Қаржылық жағдай және әлемдік дағдарыс жағдайында мемлекеттік-қаржылық бақылаудың іс-тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасайтын С.Степашин бүгінгі қаржы дағдарысы мен оны еңсерудің әлемдік тәжірибесі төңірегінде сөз қозғамақ. Іс-шараға Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев қатысады.