РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы Тұңғыш Президент күніне арналған конференцияға қатысуға келді

С.Нарышкин Қазақстанға Мәжілістің шақыртуымен Тұңғыш Президент күніне арналған «Президент. Парламент. Интеграция» халықаралық конференциясына қатысуға келді.
Тараптар біздің елдеріміз байланысының өзекті сұрақтарын талқылай келіп, мемлекеттер арасындағы жылдан-жылға беки түскен достық, тату көршілік қатынасқа ерекше көңіл бөлді. Осы ретте Қабиболла Жақыпов Қазақстан мен Ресей арасында қол қойылған ХХІ ғасырдағы одақтастық пен тату көршілік туралы Шартты сөз етті. Өз кезегінде Сергей Нарышкин қазақстандық әріптесіне аталған халықаралық конференцияға қатысуға шақырғаны үшін алғысын білдіре келіп:
«Біз Қазақстан Президентінің Еуразиялық интеграция идеясын алғаш рет 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде сөйлеген сөзінде жариялағанын ешқашан ұмытпаймыз және өте жоғары бағалаймыз. Идея қанат жайды, нәтижесінде, келер жылдың қаңтар айынан бастап, біз өмір сүретін, толыққанды Еуразиялық Экономикалық Одаққа айналды», - деді ол.