РФ Мемлекеттік Думасының Төрағасы жұмыс сапарымен Қазақстанға келді

Дүйсенбі күні Сергей Нарышкин «Президент. Парламент. Интеграция» тақырыбында өтетін халықаралық конференцияға қатысады. Бұл шара Мәжілістің бастамасымен үшінші рет өткізіліп отыр. Онда Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың сыртқы саяси бастамаларын, сондай-ақ, Еуразиялық кеңістікте интеграциялық үдерістер бағытында парламенттік дипломатияны ынталандыру әрі заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері талқыланбақ. Сондай-ақ осы күні Сергей Нарышкиннің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі жоспарланған. Сонымен бірге ол республиканың Парламент басшылығымен де кездеседі.
«Өткен 20 жылда еуразиялық интеграция идеясы кең танылуда, сондай-ақ бұл идея Кедендік одақ пен Қазақстан, Ресей және Беларусь арасында Бірыңғай экономикалық кеңістікте, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асатын Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта айтылған», - дейді спикердің Қазақстандағы сапарында делегациямен бірге жүрген ТМД істері және отандастармен байланыс жөніндегі Мемлекеттік Дума комитетінің төрағасы Леонид Слуцкий.
Слуцкийдің айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау - ХХ ғасырдың басындағы ең ірі тарихи оқиға.
Делегация Мәскеуге 24 қараша күні оралады.