13:16, 27 Қазан 2009 | GMT +5
РФ Омбы облысының өкіметі шетелде тұратын отандастарға Омбы облысына өз еркімен көшіп келуге көмек көрсету бағдарламасының тұсаукесерін өткізді
анның 27-сі. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін Ресей ғылым және мәдениет орталығында «2009-2011 жылдарға арналған шетелде тұратын отандастарға Омбы облысына өз еркімен көшіп келуге көмек көрсету» атты

ұзақ мерзімді мақсатталған бағдарламасының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш бағдарламаны РФ Омбы облысының өкіметі ұйымдастырып отыр. Омбы облысы Еңбек және әлеуметтік даму министрі, осы облыс Үкіметі төрағасының орынбасары Андрей Бесштаньконың сөзіне қарағанда, аймақтық бағдарлама 2009 жылдың тамыз айында қабылданаған болатын. «Бағдарлама аясында белгіленген жылдар ішінде 500-ден астам отбасына өз еркімен көшуге көмек көрсету жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа 12 миллионнан астам рубль бөлінбек», - деп атап өтті А. Бесштанько.
Қазірдің өзінде 30 сауалнама толтырылып үлгерді. Оның 23-і қазақстандықтар. А. Бесштаньконың айтуынша, біздің елде бұл бағдарламаға деген қызығушылық бар.