Риддер тұрғынынан 1862 жылы жасалған қару тәркіленді

ӨСКЕМЕН. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Риддер қаласының тәртіп сақшылары 1862 жылы шығарылған қаруды тәркіледі.
None
None

Мылтық «Құқықтық тәртіп» шарасы аясында қаланың жұмыссыз 51 жастағы тұрғынынан табылған.

Таяуда қару айналымын лизензиялау және бақылау тобының қызметкерлеріне риддерлік тұрғынның бірі екіншісіне құны 200 мың теңге тұратын мылтықты сатып алуды ұсынғаны туралы ақпар түскен. Тәртіп сақшылары шұғыл түрде тексеруді ұйғарды. Бастапқыда ер адам өзінде қару бар екенін мойындаған жоқ, кейін тінту жасауға келісімін берді. Нәтижесінде қару табылып, сол жерде хаттама толтырылған.

Ер адам қаруды осыдан бес жыл бұрын Риддер маңындағы шағын ауылдың қараусыз қалған қорасынан тапқан, бірақ ол туралы тәртіп сақшыларына айтуды жөн көрмеген.

Тәркіленген қару сараптамаға жөнелтілді. Сарапшылар оның атуға жарамсыз болғанымен сирек кездесетіндігін алға тартып отыр. Қазіргі уақытта мылтықты ШҚО ІІД ішкі істер органдары тарихының мұражайына тапсыру үшін тиісті құжаттар рәсімделуде.

Соңғы жаңалықтар