Риддерде бірнеше мектеп пен емдеу мекемелері сусыз қалды - ҚР ТЖМ

ТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында жаңа су қубырын өткізуде екі ысырма жарылды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
None
None

Соның салдарынан 13 мектеп, 8 мектепке дейінгі мекеме, 2 интернат, 1 балалар үйі, 6 емдеу мекемесі мен 5 поликлинка - барлығы шамамен 41 120 адам сусыз қалды.

2 су таситын көлікпен су әкелу ұйымдастырылды. Апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына 59 адам және 14 бірлік техника тартылды.

Соңғы жаңалықтар