Риддерде із-түзсіз жоғалған ер адам 31 жылдан соң қайтыс болған деп танылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Риддерде қалалық соты әйелінің арызы бойынша із-түзсіз жоғалған ер адамды қаза тапты деп таныды, деп хабарлады YK-news.kz.
None
None

Әйел судьяға 1982 жылдан неке қиғанын айтты. Екі жылдан кейін күйеуі үйінен кетіп, қайта оралмады. Содан бері оның өмірі белгісіз. Іздеу жұмыстары нәтиже бермеді. Риддерлік шетелде тұру үшін соттан күйеуін қаза тапты деп тануды сұрады.

«Сот отырысында арызданушы күйеуін белсенді түрде іздегенін айтты. Ол милицияға хабарлады, өзі іздеді, газетке хабарландыру орналастырды, алайда бұл нәтижесіз болды, - деді Риддер қалалық сотының баспасөз қызметінен. - Күйеуі жоғалғаннан 30 жыл өтті, ол туралы еш хабар жоқ».

Сот азаматшаның арызын мақұлдады.

Соңғы жаңалықтар