Риддерде питбультерьер алты айлық бүлдіршінді талап тастады

ӨСКЕМЕН. Қыркүйекті 9-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Риддерде жантүршігерлік оқиға орын алды - питбультерьер иті алты айлық балдырғанды талап тастады, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінен.
None
None

Бала жекеменшік үйдің ауласында әжесінің көз алдында ойнап отырған. Кейуананың айтуынша, ит байлаулы болған, кенет ол шынжырын үзіп, балаға ұмтылған. Әжесі көзі қанталаған итті тартып әкетуге тырысқан, бірақ ештеңе істей алмаған. Көршілер жедел жәрдем шақырған.

Бала жарты сағаттан кейін ауруханада шетінеген. Сот-медициналық сараптамасы анықтағандай, ит баланың сау-тамтығын қалдырмаған.

Оқиға орнына келген полиция сержанты үй иесінің туыстарының өтініштері бойынша және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында итті табельдік тапаншадан атып өлтірген.

Полицияның айтуынша, бұл балалар ызалы иттердің құрбаны болған алғашқы оқиға емес көрінеді, Осыдан 5 жыл бұрын осы Риддерде қабаған ит бес жасар қыз баланы қауып алып, соның салдарынан балаға бірнеше операция қажет болған.

Соңғы жаңалықтар