Риддердегі төтенше жағдай толықтай қалпына келтірілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Риддер қаласындағы Боровой көшесінде орын алған төтенше жағдай толықтай қалпына келтірілді деп ресми танылды. Бүгін өңір әкімі Бердібек Сапарбаев Риддер қаласына жұмыс сапармен барды, онда қайғылы оқиғаны басынан өткерген тұрғындармен жүздесті.
None
None

Еске сала кетейік, 4 сәуірде Риддер-Сокольский кенінің тау-кен массасы құлауының салдарынан пайда болған шұңқырға жекеменшік үй құлап кеткен болатын .

ТЖ алдын алу және салдарын жою жөніндегі қалалық комиссия деректеріне сүйенсек, апат салдары толықтай жойылды. Шұңқыр топырақ қоспасымен толтырылып, үстіңгі қабаты құнарлы қабатпен тегістелді.

Жұмыс нәтижелері бойынша комиссия бекітілген шұңқыр маңында өмір сүру қауіпсіз деген қорытынды жасады. Бұл аумақта әлеуметтік нысан құрылысын салу жоспарлануда, не салынатыны таяу арада белгілі болмақ.

Баспанасынан айырылған Татарникова Анастасияға 2 бөлмелі пәтер, оның өгей әкесіне 1 бөлмелі пәтер берілді. ТЖ жою кезінде үйлерінен кетуге мәжбүр болған барлық тұрғындарға сомасы 6 млн. 900 мың теңге өтемақы төленді.

Бұдан басқа, облыс әкімінің ақпарат орталығынан хабарлағандай, «Қазцинк» компаниясы өз есебінен көшені абаттандыруға, жолды жөндеуге, көшені жарықтандыруға міндеттенді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум