Римде экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық жұмыс тобының отырысы өтті

деп хабарлайды ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстандық үкіметаралық жұмыс тобын ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Сүлейменов басқарды. Итальяндық тараптың үкіметаралық жұмыс тобын Италия Республикасы экономикалық даму вице-министрі Адольфо Урсо басқарды.
Үкіметаралық жұмыс тобының бесінші отырысы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Италия Республикасына жасалатын ресми сапары қарсаңында өтті.
Отырыс аясында түрлі - энергетика, инфрақұрылымдарды және көлікті дамыту, қаржы және сақтандыру, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, стандарттау, метрология және т.б. салалардағы экономикалық және индустриялық ынтымақтастық даму мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, тараптар мемлекеттік-жеке әріптестік, Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасының сауда-өнеркәсіп палаталары арасындағы ынтымақтастық, сондай-ақ Қазақстанның Ресеймен және Беларуспен Кедендік одаққа қатысу және Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі мәселелерін талқылады.