Римде ҚР және Италия кеден органдары арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
Іс-шараға италияндық іскерлік топтар өкілдері, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аумағында италиян өнеркәсіптік аумағын дамыту мәселелерімен айналысатын Шет елдерде италияндық инвестицияларды ілгерілету жөніндегі «SIMEST» агенттігінің басшылары қатысты.
Өз сөзінде Елші А.Елемесов Қазақстан мен Италияның арасындағы тауар айналымының өсуіне жан-жақты атсалысатын екі елдің кеден ведомстволарының маңыздылығын атап өтті. Кеден органдарының шағын және орта бизнес өкілдеріне ұдайы жедел көмек көрсетуінің маңыздылығы да айтылды.
ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Д.Мамашева тауарлар мен жүктерді Қазақстанда кедендік рәсімдеудің әдістемелерімен, ережелерімен және тәртібімен таныстырып, италияндық кәсіпкерлердің сұрақтарына толық жауаптар берді.
Ү.ж. 14 наурызында Елшіліктің қолдауымен ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті мен Италияның Кеден және монополия агенттігі арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.