Рио-2016: Қазақстанның Олимпиада қоржынында қазір 86 лицензия бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Рио-де-Жанейродағы жазғы Олимпиадалық ойындарға қатысу құқығына 86 олимпиадалық лицензияны жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті (ҰОК) хабарлады.
None
None

Бүгін бірден қазақстандық 3 жеңілатлет Рио-де-Жанейродағы лицензияларға ие болды. Олар бүгінгі күндері Алматыда өтіп жатқан Қазақстан Кубогында нормативтерді орындады.

Алматылық спортшы Анастасия Пилипенко 100 метрге жүгіруден 12,87 секунд нәтиже көрсетті. Ал Солтүстік Қазақстан облысының жеңілатлеттері Екатерина Эктова үш қарғып секіруден және Маргарита Мұқашева - 800 метрге жүгіруден көзге түсті.

Бұдан бұрын әйелдер боксіндегі алғашқы олимпиадалық жолдаманы 48 келі салмақтағы Назым Қызайбай иеленген болатын.

Атап өтейік, қазіргі кезде Астанада өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында қазірдің өзінде алты қазақстандық қыз іріктеу турнирінің жартылай финалына шықты.

Қазақстан 27 спорт түрінен Риодағы жазғы Олимпиадалық ойындарға қатысу үшін 100-ден астам жолдамаға қол жеткізуді көздеп отыр. Өткен Лондондағы Олимпиадада біздің құрамада 25 спорт түрінен 105 жолдама болған еді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 29 мамырда Қазақстанда Халықаралық Олимпиада комитетінің бастамасымен Олимпиада күні аталып өтеді, онда спорт жанкүйерлері қазақстандық Олимпиада чемпиондарымен кездесетін болады.

Соңғы жаңалықтар