12:41, 30 Қазан 2015 | GMT +5
«Рио-де-Жанейро-2016»: Қазақстан намысын қорғауға 100-ден астам спортшы аттанбақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Рио-де-Жанейро-2016" Олимпиадасында Қазақстан намысын 100-ден астам спортшы қорғайды деп болжануда.
Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков мәлім етті.
"Біздің жақын уақыттардағы ең басты мақсатымыз - 2016 жылы Бразилияда өтетін Олимпиада ойындары. 26 жолдама бар, жыл соңына дейін 35-40 жолдамаға дейін жеткіземіз деп ойлап отырмыз. Жалпы Рио-де-Жанейро-2016 Олимпиадасында 100-ден астам спортшы Қазақстан намысын қорғауға аттанады деп жоспарлаудамыз", - деді вице-министр.
Еске сала кетейік, Жазғы Олимпиада ойындары 2016 жылы 5 және 21 тамыз аралығында болады. Ол Оңтүстік Америкада өткелі отырған алғашқы Олимпиада.