Рио-де-Жанейрода Аза тұту үшкүндігі жарияланды
деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Аймақта соңғы күндері толассыз жауған жаңбыр жұртты абыржытып тастады. Білетіндердің айтуынша, мұндай мол жауын-шашын 40 жылдай болмаған. Соңғы 36 сағаттың ішінде жаңбырдың екі айлық нормасы жауған. Нәтижесінде Рио көшелері судың астында қалып отыр.
Мегаполисте көлік қозғалысы тоқырап тұр. Жүздеген жүргізушілері салондарын су басып қалған көліктерін тастап кетуге мәжбүр. Қала өкіметі қауіпсіз аумақтағы тұрғындарды үйлерінен шықпауға шақырды. Ал қауіп төніп отырған аумақтардан 1,5 мыңдай адам көшірілді.
Синоптиктер жауын-шашынның бейсенбіден бері тоқтамайтынын айтып отыр. Мектептерде сабақ тоқтатылды, көптеген ресми мекемелерде демалыс жарияланды.