«Ромат» компаниясы «Жыл таңдауы» халықаралық конкурсының жеңімпазы атанды

СЕМЕЙ.   Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - 1982 жылы Семейде    құрылған   «Ромат»   фармацевтикалық компаниясы   «Жыл таңдауы-2009»  халықаралық    конкурсында  екі аталым  бойынша жеңімпаз  атанды.
None
None

«Қазақстандағы дәрілік  препараттардың  №1 отандық   өндірушісі»    және  «Қазақстандағы  №1 дистрибьютерлік   фармацевтикалық компания» аталымдарында    жеңген «Ромат»  компаниясы,    қазақстандық    бизнестің көшбасшысы   мәртебесін    осымен  оныншы  рет  қуаттап  отыр.

Компания   президенті Тұрарбек Рақыштың  айтуынша,  50 дәріханадан тұратын бөлшек сауда   желісі бар     фирма  алдағы  үш жылда  оның аясын  200 нүктеге  жеткізуді   жоспарлап  отыр.

«Роматтың»    активінде әлемдік  өндірушілердің  жабдықтарымен  жарақталған   үш  үлкен  зауыт бар.    Оларда  дәрі-дәрмектің   халықаралық сапа стандартына сай 130  аталымы  шығарылады.  «Ромат»  осыдан   үш  жыл бұрын  Бейжіңде  өз өкілдігін ашқан болатын,   ал жақын  келешекте Мәскеуде филиал ашады.

Соңғы жаңалықтар