«Росатом» корпорациясының халықаралық өңірлік желісі мен «Астана ЭКСПО-2017» меморандумға қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы мен «Росатом - Халықаралық желі» Атом энергоөнеркәсіптік кешенінің халықаралық өңірлік желісі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
None
None

Меморандумға «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов пен «Росатом - Халықаралық желі» кешенінің Президенті Александр Мертен қол қойды. «Мемлекет басшысы ұлттық компаниялармен қатар, трансұлттық компаниялардың да әлеуетін пайдалану керек деп, бұл мәселеге ерекше назар аударған. Халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнату - ЭКСПО-2017 компаниясының басты міндеттерінің бірі. Бұл меморандум өзара тиімді ынтымақтастыққа жол бастайды деп сенемін»,- деді Ахметжан Есімов. Александр Мертен өз кезегінде «Росатомның» бұл еншілес компаниясы аймақтық орталықтарды басқаратынын жеткізді. «Біздің 11 аймақтық орталығымыз бар. Олар Вашингтоннан бастап Сингапурға дейін орналасқан. «Росатом - Халықаралық желі» компаниясы «Росатомның» ішінде халықаралық көрмелер мен конференцияларды ұйымдастырады. Осы ұйымдастырған шараларымыздың барлығында енді «ЭКСПО-2017» көрмесінің брендін жарнамалаймыз», - дейді ол. Айта кетейік, осы меморандум аясында алдағы ынтымақтастық пішімін белгілеу үшін және серіктес артықшылықтарын ұсынатын және тиісті мәртебесі бар серіктес санатын беру үшін жұмыс тобы құрылатын болады. Тараптар ықтимал ынтымақтастық бағыттарын талқылады.

Соңғы жаңалықтар