01:36, 02 Тамыз 2015 | GMT +5
Роскосмос ХҒС-қа аттанатын 45/46 экспедиция экипажын бекітті, құрамында қазақстандық ғарышкер бар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Роскосмос ХҒС-қа аттанатын 45/46 экспедиция экипажын бекітті. Жаңа экспедиция «Союз ТМА-18М» ғарыш кораблімен «Байқоңырдан» аттанады деп жоспарланған, деп хабарлайды Роскосмос баспасөз қызметінен.

Негізгі экипаж құрамына «Союз ТМА-18М» кемесінің командирі, Роскосмос ғарышкері Сергей Волков, бортинженер-1, ЕКА астронавты Андреас Могенсен, бортинженер-2, Қазғарыш ғарышкері Айдын Айымбетов кірді.
Ал олардың дублерлары болып: командир - Роскосмос ғарышкері Олег Скрипочка, бортинженер-1 - астронавт Тома Песке (ЕКА) , бортинженер-2 - Роскосмос ғарышкері Сергей Прокопьев бекітілді.
Қазіргі кезде экипаж ХҒС-қа ұшуға дайындықтарын аяқтауда.
45/46 экспедиция экипажы ХҒС-қа Байқоңыр ғарыш айлағынан 2015 жылдың 2 қыркүйегінде ұшырылады.