19:28, 20 Сәуір 2011 | GMT +5
Рудный қаласында танкіге қарсы қолданылатын мина табылды
ҚОСТАНАЙ. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Бүгін Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Рудный қаласындағы №2 автобаза аумағында танкіге қарсы қолданылатын мина табылғандығын хабарлады.
Минаны тапқан кәсіпорын қызметкерлері ол туралы полицияға хабар берген. «Шұғыл жағдайда минаны жоюға жедел әрекет ету қызметі, соның ішінде ҚР ТЖМ Қостанай облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 5 техникасы мен жеке құрамдағы 10 адам қатысты», - деп хабарлады ҚазАқпаратқа Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хатшысы Дастан Жұмабаев. Ол сондай-ақ ІІМ-нің «Арлан» арнайы бөлімшесінің саперлері автобаза аумағында табылған минаны залалсыздандырғанын жеткізді.