Рұқсат беру жүйесінде алғашқы кезеңде 448 рұқсат беру үдерісін қысқарту ұсынылып отыр - Серік Ахметов

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Наурыз айында Үкімет «Рұқсат беру жүйесін жетілдіру туралы тұжырымдаманы» мақұлдады. Бизнес қоғамдастықтардың қатысуымен сараптамалық топ құрылып, қоғамдастық қызметіне қатысты ұсыныстарды жинады. Талдау қорытындысында елімізде мыңнан астам рұқсаттар бары анықталды. Оның 504-і лицензия болса, 530-ы сертификация, аккредитация сияқты өзге де рұқсаттар», дейді Премьер-Министрдің орынбасары Серік Ахметов.
Оның айтуынша, алғашқы кезеңде рұқсаттардың 35 пайызын қысқарту жоспарланып отыр. Күшін жоюға ұсынылатын 448 рұқсат беру үдерістерінің 113-і лицензиялар болмақ. Ағымдағы жылы «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың ауқымды бөлігі рұқсат беру жүйесіне арналмақ. Оның ішінде рұқсаттар тізбесі мен барлық мемлекеттік органдардың бірыңғай тексеру жүргізу тәртібі де бар.