Румыния елшісі ЕҰУ студенттеріне Румыния мен Қазақстан арасын байланыстырушы тетіктер жайлы айтып береді

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Ертең, 27 сәуір күні Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстандағы Румынияның төтенше және өкілетті елшісі Емил Рапча «ЕО және ЕҰУ достастық көпірі» жобасы аясында
None
None

«Мұнай - Қазақстан Республикасы мен Румыния арасындағы көпір» атты тақырыпта ЕҰУ студенттері алдында дәріс оқиды,деп хабарлады Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің баспасөз орталығы.

Оқу орнының оқытушы-профессорлар құрамы, студенттер мен магистранттар, докторанттар өздерін қызықтырған сауалдарын елшілерге қоюға мүмкіндіктері бар. Ал елшілердің дәрісінен алынған құнды ақпараттар болашақта көптеген ғылыми жұмыстарға арқау бола алады.

Естеріңізге сала кетейік, жобаның алғашқы бөлімін салтанатты түрде өткен жылдың 24 қарашасы күні Қазақстан Республикасындағы Еуроодақ елшісі Норбер Жустен мырза бастап берген болатын. Бүгінге дейін Латвия, Словакия, Грекия, Испания, Германия, Финляндия және Чехия, Венгрия, Ұлыбритания мемлекеттерінің елшілері дәріс оқыды. Алдағы уақытта «ЕО және ЕҰУ достастық көпірі» атты жобаға қатысуға Швеция,Литва, Франция, Италия, Нидерланды, Бельгия, Польша мемлекеттерінің елшілері ниеттерін білдіріп отыр. Еуроодақ мемлекеттерінің түрлі салалары бойынша оқитын мәртебелі елшілердің дәрістері оқу жылының соңына дейін (2010-2011) жалғасады.

Соңғы жаңалықтар