19:27, 02 Наурыз 2010 | GMT +5
Румыния Қазақстанның Орталық және Шығыс Еуропадағы жетекші экономикалық әріптесі - Елбасы
АНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Румыния Қазақстанның Орталық және Шығыс Еуропадағы жетекші экономикалық әріптесі болып табылады. Бүгін Ақордада Румыния Президенті Троян Басескумен жүргізілген кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Президенттің айтуынша, өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 800 млн. долларды құрады. Ол дағдарыс жағдайында төмендеп кеткен. Қазақстанда бүгінде 35 қазақ-румын кәсіпорындары жұмыс істейді. Олар мұнай және газ өндіру, жылу стансасына, құрылысқа және саудаға жабдықтар жеткізу салаларында жұмыс істеп жатыр.