Румынияда 1944 жылы қаза тапқан қазақ жауынгері Шернияз Аяғановтың мемориалы ашылды

АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат - Мамырдың 28-і күні Румынияның Братулешть селосында Ұлы Отан соғыс кезінде 1944 жылы қаза тапқан қазақ жауынгері Шернияз Аяғановқа арналған мемориалдың ресми ашылуы болды.
None
None
Бұл шараны Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясы Румынияның Батырларды мәңгі есте қалдыру жөніндегі ұлттық агенттігі мен «Ромпетрол» компаниялар тобының қолдауымен ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат сыртқы саясат ведомствосына сілтеме жасап. Ескерткіштің ашылу рәсіміне мэр Д.Некулай бастаған Струнг коммунасы мэриясының, Батырларды мәңгі есте қалдыру жөніндегі ұлттық агенттіктің, Румыния Үкіметі мен Қорғаныс министрлігінің өкілдері, шетелдік дипломаттар, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылардың жерленген жерлерін іздеуге жауаптылар, румындық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ осынау шараға арнайы келген Ш.Аяғановтың ұрпақтары мен Ұлы Отан соғысының румындық ардагерлері қатысты. Қазақстан Республикасының Румыниядағы істерінің уақытша сенімді өкілі Қайрат Аман өз сөзінде, фашистік әскердің негізгі топтарының көзін жоюды және Румынияны әрі қарай азат етуді мақсат еткен Кеңес Армиясының Яссо-Кишинэу операциясы туралы әңгімелеп берді. Сол операция барысында 23-ші танк корпусының құрамында қазақстандық Шернияз Аяғанов қызмет еткен болатын, қазақ жауынгері 1944 жылдың тамыз айында қанды шайқастардың бірінде қаза тауып, Братулешть селосынан 2 шақырымдай жерде жерленген. Қ.Аман, фашистік режімнен азат ету жолында жанын пида еткен қазақстандық жауынгерге қойылған бұл мемориалдың қазіргі ұрпақтар үшін ерлік пен рухани ұлылықтың үлгісі болатынын және оның ерлігі адамдардың жүректерінде мәңгілік сақталанынын» жеткізді. Жиналған қауым Шернияз Аяғановтың мемориалына гүл шоқтарын қойып, оның ерлігін бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
Соңғы жаңалықтар
Референдум