Румынияда қазақстандық энергетикалық ресурстардың Еуропаға жеткізілімдерін әртараптандыру мүмкіндіктері талқыланды

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Кездесу барысында қазақстандық-румын парламентаралық ынтымақтастығының даму мәселелері қарастырылып, екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы байланыстардың жандандыру маңыздылығы атап өтілді.
Қазақстан Елшісі румындық саясаткерді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол» атты Қазақстан халқына Жолдауының, «Қазақстан-2050» стратегиясының басты қағидаларымен таныстырып, стратегиялық бағдарламалық құжаттардың орындалуы турасында индустриялық-инновациялық басымдықтары жөнінде бағдар берді. Елдер арасындағы көліктік-транзиттік әлеуеті саласында өзара тиімді ынтымақтастығының келешегі жайлы пікір алмасылды. Ф.Константинеску ҚР Президентінің Жолдауы жайлы сөз қозғай келе, Елбасының стратегиялық көзқарасын, еліміздің тұрақты экономикалық дамуы мен әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктерін айрықша атап өтті.
Сонымен қатар, тараптар энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, соның ішінде қазақстандық энергетикалық ресурстардың Еуропаға жеткізілімдерін әртараптандыру мүмкіндіктерін, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз Интернешнл» компаниясының перспективті инвестициялық жобаларын талқылады.
Тараптар түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың даму әлеуетін атап өтті. Екі ел арасында сауда айналымының ұлғайту қажеттігі мәселесі де көтерілді.