С.Ахметов Байқоңырда В. Челомей атындағы халықаралық ғарыш мектебінің жұмысымен танысты

ҚЫЗЫЛОРДА. 15 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Қызылорда облысындағы жұмыс сапарын Байқоңыр қаласындағы В. Н. Челомей атындағы халықаралық ғарыш мектебінің жұмысымен танысудан бастады.
None
None

Осы жерде Үкімет басшысы бастаған делегацияны Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Анатолий Петренко күтіп алды. Содан соң мәртебелі меймандар ракета-ғарыштық техникалар үлгісін әзірлеп, құрастырып жатқан мектеп оқушыларының және ғарыштық техника мұражайының жұмысымен танысты. Одан әрі химия-биологиялық және аэроғарыштық бағыттағы жұмыстарды көрді. Білім ордасында сондай-ақ Білім және ғылым министрлігінің «Ғылым әлемін ашамыз» олимпиадасы аясында оқушылардың өз ғылыми жұмыстарын қорғау барысына қанықты.

Нысандағы шара соңында қонақтар аталмыш мектеп оқушылары мен мұғалімдері әзірлеген ракетелардың макеттерін ұшыру шарасына қатысты.

Еске салайық, бүгін таңертең ҚР Үкіметінің басшысы Серік Ахметовтың Қызылорда облысына жұмыс сапары басталды.

Бұдан бөлек, Премьер-Министрдің өңірге сапары барысында Н.Ілиясов атындағы ауылдық округтің үлгісінде тірек елді-мекендерді дамыту бағдарламасының таныстырылымы өтіп, онда ауылдағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, жергілікті өзін-өзі басқару, «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту-2020» бағдарламасы мәселелері талқыланатын болады.

Облыс орталығында Үкімет басшысына Қызылорда қаласының жаңа әкімшілік орталығын дамыту жоспары таныстырылады. С.Ахметов сондай-ақ облыстық медициналық орталықты және балалар үйлерінің түлектері тұрып жатқан Жасөспірімдер үйін аралайды.

Үкімет басшысы ат басын тірейтін жаңа бизнес-орталықта оның төрағалығымен кеңес өтеді және онда әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындысы және өңірдегі Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы қаралады. 

Соңғы жаңалықтар